Заң бүгінгі таңда өзекті болып отырған жер телімдерін қоғам мұқтажы үшін жерді алып қоюға байланысты қатынастарда заңдылық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Соңғы жылдары елімізде меншікке қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқаны, бұл заң осы бағыттағы жұмыстарды сапалы жаңа деңгейге көтерудің маңызды факторы болатыны айтылды.

Сонымен қатар, Комитет мәжілісінде тұрғындардың  құқығы мен мүддесін толыққанды қамтамасыз ету тұрғысынан аталмыш  Заңда тұжырымдамалық жағынан қайта қарауды қажет ететін кейбір мәселелер бар екені айтылды.

Заңда жер телімін қоғамдық мұқтаждық үшін алып қоюға  негіз болатын жағдайлар нақты көрсетілген. Бiрақ, Заңда жер телімдерiн қоғам мұқтажы үшiн алып қою мәселесі, сонымен қатар талап етiлетiн өтемақы (компенсация) меншік иесімен емес, жер-жерлердегі өкілеттік билік органдарында, яғни Қарақалпақстан  Республикасы Жоқарғы Кеңгесiнде, халық депутаттары облыстық және Ташкент қаласы Кеңестерінде талқылануы белгіленген.

Комитет мүшелері бұл мәселені алдымен үй иесімен талқылап, барлық есеп-қисаптарды өзара келісіп, содан кейін ғана Жоқарғы Кеңгестің немесе жергілікті кеңестің қарауына беру қажеттігіне баса назар аударылды.

Бұдан тыс, жиналыста аумақтарда жер телімдерін қоғам мұқтаждары үшін алып қоюға байланысты өзекті жағдайлардан мысалдар келтіріліп, меншік иесімен өтемақы мәселесін толық шешпей тұрып, мәселені махалла Кеңесінің талқысына салу қаражаттар көлемінің алдын ала шектеліп қалуына әкелу мүмкіндігі айтылды.

     Заң тұрғысынан Комитет мүшелері, сенаторлар, тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері заңға түсініктеме берді.

Осы пікірлерді ескере отырып, Комитет осы Заңды қайта қарау туралы тиісті қаулы қабылдады.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.