Жерді пайдалану туралы заңдағы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі

    Сенаттың кезектегі жалпы мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына жер часкелерінен тиімді пайдалану, саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу механизмдерін жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен қосымшаларды енгізу туралы» Заңы талқыланды.

    Соңғы жылдары жерді ұтымды және тиімді пайдалану бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Мұның нәтижесінде тұрғандардың жерге деген көзқарасы түбегейлі өзгерді.

    Дегенмен, салада әлі де болса кемшіліктердің бар екендігі заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігін тудырды және осы мақсатта аталмыш Заң әзірленді.

    Заңмен тәжірибеге төмендегі өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде.

    Атап айтқанда, жер туралы заңнамалық құжаттардың талаптарын бұзуға байланысты қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары күшейтілуде.

    Жер учаскелерін өз бетінше иелеп алу сияқты қылмыстарды тек прокуратура органдары ғана тергеуі белгіленді.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай түрдегі қылмыстарды тергеуді тек прокуратура ғана емес, ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізетін еді.

    Экономикалық және Азаматтық процессуалды кодекстері өз бетінше сатып алынған мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін қайтаруға және заңсыз құрылыстарды бұзуға қатысты істерді қараудың ерекше тәртібін белгілейтін нормалармен толықтырылды.

    Сондай-ақ, жергiлiктi атқарушы органдары азаматтық және экономикалық соттарға жер туралы заңдарды бұзуға байланысты шағым арыздарды беру кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметi.

    Талқылау барысында Заңның қабылдануы жер учаскелеріне қатысты жол қойылған құқықбұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға, қылмыспен келтірілген залалды дер кезінде өндіруге қызмет ететіні баса айтылды.

    Қызу пікірталастардан кейін Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates