Келіссөз барысында соңғы жылдарда Өзбекстан-Иран сауда ынтымақтастығының нәтижелілігі мен өсу қарқыны оң бағаланды. 2021 жылы таура айырбастау көлемі 73% -ға артты және 430 миллион доллардан асты. 2022 жылдың бірінші жыртысында бұл көрсеткіш 239 миллион долларға жетті. Өзара мүдделі негізде жеткізіліп жатқан тауарлар қызметтердің түрлерін кеңейтудің маңыздылығы айтылды.
Елдеріміз арасындағы инвстициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны кеңейту болашақтары қаралды. Қазірде Өзбекстанда Иран капиталының қатысуындағы 366 кәсіпорын жұмыс істейді.
Өзара ортақ мүдде және мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмек байланыстарды кеңейту, заманалық жобаларды жасау, жаңа өнеркәсіп құру үшін қолайлы жағдай жаратады. Нәтижеде, 2022 жылдың 6 айында елімізде Иран тарапымен бірге құрылған тағы 69 жаңа кәсіпорын тіркеуге алынды.
Сұхбатта тараптар жаңа жобалардыжасау, стартаптарды қолдау механизмдеін енгізу, біріккен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелеріне тоқталды.
Иран тарапы жер асты сулы қабаттардан су алу және тазалау үшін жаңа технологияларды бірге қолдануға қызығушылық танытты.
Жеміс-көкөніс саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қаратылған бірқатар құжаттар келісімін жеделдету, мақта және астық өсіру бағыттары бойынша арнаулы оқу курстарын ұйымдастыруға келісілді.
Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуы екі ел арасындағы қатынастардыдың дамуына екпін беретініне сенім білдірілді деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.