Мемлекет басшылары жақындап келе жатқан көктемнің - Наурыз мерекесімен бір-бірін құттықтап, бауырлас Өзбекстан мен Қазақстан халықтарына бейбітшілік, тыныштық, гүлдену мен өркендеу тілектерін жеткізді.
Өзбекстан мен Қазақстан стратегиялық серіктестік және одақтас қатынастарын одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сауданы арттыру, өнеркәсіптік кооперация, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда, оның ішінде аймақтар деңгейінде практикалық ынтымақтастық жобаларын ілгерілету мақсатында өзара келісілген шаралар қабылдаудың маңызы атап өтілді.
Қазіргі кезде Қазақстан қалаларында өтіп жатқан бірлескен мәдени-гуманитарлық шараларға жоғары баға берілді.
Көшбасшылар алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты шаралардың жоспарын, оның ішінде «Орталық Азия плюс» форматында саммиттерге дайындықты қарастырды.