EТДБ Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытпақ

    Инвестициялар 15 Noyabr 2022 1318

    15 ноябрьде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Еуропалық тіктелу және даму банкінің (ЕТДБ) Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитайды және ЕТДБ-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Алкис Дракиносты қабылдады.

    Кездесу барысында Банк өкілдері Өзбекстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің тиімділігін жоғары бағалап, энергетика, инфрақұрылымды дамыту, ирригация, тағы басқа да салалардағы жаңғырту үдерістерін қаржылық және техникалық қолдап-қуаттауды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

    Сондай-ақ, ЕТДБ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, энергетика мен сумен қамтамасыз етуді жақсартуға қаратылған реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып жатқаны ризашылықпен атап өтілді. 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін EТДБ осы саланы қолдап-қуаттау үшін Өзбекстанда 14 жоба бойынша келісімдерге қол қойған. Бұдан тыс, Банктің жаңа инвестициялық портфелінің құны 724 миллион доллардан асатын 7 жобадан тұрады.

    Алдағы уақытта жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және мазмұны жағынан байытылған шараларды дайындау мен өткізу аясында осы мақсатта құрылған жұмысшы топтар арасындағы өзара ынтымақтастықты жандандыруға келісілді.

    Сұхбат барысында Банктің «Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарындағы 118 насос станцияларын жаңғырту» жобасын қаржыландыруға, құны 200 миллион доллар болған Өзбекстанның ирригациялық секторының институционалдық құрылымын нығайту бойынша реформаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Осы жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы Өзара түсіністік меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда минстрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates