Шарада ауған дағдарысын бейбіт жолмен шешуге бағытталған халықаралық және аймақтық іс-әрекеттер, Ауғанстанның аймақтық интеграция үдерісіне белсенді қатысуы, ел экономикасын қалпына келтіру және оның аумағында түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматулла Иргашев өз сөзінде еліміздің Ауғанстанға қатысты саясатына, оның негізгі сипаттарына, соның ішінде жаңа үкіметпен сындарлы диалог орнату қажеттілігіне тоқталды.

Жиынға қатысушылар Ауғанстандағы күрделі гуманитарлық жағдайға алаңдаушылық білдіріп, басқа елдерді де осы елдің халқы үшін қайырымдылық жасауға шақырды.

Ауғанстанның жаңа ресмилері кең өкілдікке негізделген үкімет құру, әйелдер мен ұлттық азшылықтардың құқықтарын құрметтеу және елдің халықаралық лаңкестердің баспанасына айналуына жол бермеу туралы уәделері мен халықаралық міндеттемелерін орындауы керектігі баса айтылды.

Шараға қатысқан Арнайы өкілдер Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін Термізде көпсалалы көлік-логистикалық хаб құру туралы бастамасын қолдайтынын білдірді.

Ауғанстан халқын қолдау бойынша кеңесулер мен ынтымақтастық алаңы ретінде диалогтың бұл түрін тұрақты негізде жалғастыру келісіп алды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Шара соңында біріккен мәлімдеме қабылданды.