FAO Өзбекстанға топырақты талдауға арналған жоғары технологиялық жабдықты сыйға тартты

    Агросектор 28 Noyabr 2022 1509

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Тупроқсифаттаҳлил» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнына жоғары технологиялық зертханалық құрал-жабдықтарды табыс етті.

    Құны 29 мың долларға тең жоғары технологиялық зертханалық құрал- жабдықтары «Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылыққа бейім және сортаңды ауылшаруашылық өндірістік ландшафтарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару» (CACILM-2) аумақтық жобасы жүзеге асыру аясында ұсынылды.

    «Тупроқсифаттаҳлил» кәсіпорнында суармалы жерлердің сапасын бағалау, топырақ құнарлылығы мен экологиялық жағдайына мониторинг жүргізілуде. Мұнда республиканың топырақ қабатының ақпараттық базасы қалыптастырылып, топырақтың сорлануын және олардың азықтық заттармен қамтамасыз етілуінің картограммалары жасалады. Кәсіпорын мамандары сорланған және деграцияға ұшыраған жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде.

    —Құрал-жабдық топырақтың химиялық құрамы мен сапасын жоғары дәлдікпен және максималды жылдамдықпен анықтауға мүмкіндік береді, - дейді CACILM-2 жобасының Өзбекстандағы ұлттық үйлестірушісі Мухаммаджон Қасимов. — Топырақтың химиялық құрамын талдаудың рекультивация әдістерін таңдауда және қолайлы тыңайтқыштарды таңдап алу, жердің химиялық ластану көздерін зерттеуде маңызы зор.

    Ақпарат үшін: Ауыл шаруашылығы жерлері деградациясының алдын алуға, құрғақшыл және сорланған аймақтарда топырақ құнарлылығын сақтауға және арттыруға бағытталған технологияларды қолдануда көмек көрсету CACILM-2 жобасының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

    Аймақтық жобаны Жаһандық экологиялық қоры (GEF) қаржыландырады және FAO тарапынан 2018 жылдан бастап Өзбекстанда, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркияда жүзеге асырылуда. Табиғи ресурстарды кешенді басқаруды енгізуде халықаралық ынтымақтастық басты рөл атқарады. Жоба аясында фермерлерді оқыту, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен ғылыми мекемелер мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су шаруашылығы министрлігі, Орман шаруашылығының мемлекеттік комитеті, Жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр мемлекеттік комитеті және Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметі FAO-ның аталмыш жобасын жүзеге асыруда Өзбекстан ұлттық серіктес саналады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates