Үкімет қаулысымен (892-санды, 27.12.2024 ж.) «Белсенді нұранилерді аз қамтылған отбасыларға бекіту және махаллада салауатты өмір салтын және әлеуметтік-рухани ортаны қалыптастыруға тарту тәртібі туралы» ереже бекітілді.
Ережеде белсенді нұранилерді аз қамтылған отбасыларға бекіту және махаллада салауатты өмір салтын және әлеуметтік-рухани ортаны қалыптастыруға тарту, сондай-ақ кембағал отбасы балаларының білім алуы үшін оқу құралдары, спорттық киім сатып алуға, қарттардың спорт шараларына қатысуына байланысты шығындарды өтеу тәртібін белгілейді.
Белгіленген тәртіп бойынша таңдап алынған үш белсенді нұраниге тұрғылықты жерінен 5 аз қамтылған отбасы алты ай мерзімге бекітіледі.
Белсенді нұранилер бекітілген отбасылармен жұмыс жасауда махалла «жетілігімен» өзара ынтымақтастық жасайды.
“Нұрани” қоры мен таңдап алынған белсенді нұранилер арасында белсенді нұранилерді ынталандыру мақсатында азаматтық-құқықтық келісімшарттар жасалады.
Таңдалған белсенді нұранилер жүктелген міндеттерді орындау үшін «Нұрани» қоры тарапынан ең төменгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде ынталандыратын төлемдер бойынша банктік пластикалық карталар арқылы төленеді.