Жарғы Имам Мотуриди атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының негізгі міндеттері мен функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

Жарғыға сәйкес, Ислам дінінің гуманитарлық мәнін, ағартушылық-мәдени рөлі мен даму бағыттарын ғылыми негізде зерттеп, оны қалың жұртшылыққа жеткізу Орталықтың міндеттерінің бірі болып табылады.

Орталық өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін төмендегі функцияларды жүзеге асырады, соның ішінде:

Имам Мотуриди, Әбу Муин Насафи және олардың ізбасарлары жазған ақида және калом ғылымдарына қатысты еңбектерді зерттеуге байланысты ғылыми жобаларды жүзеге асырады;

ислам дінінің ғылыми-ағарту, жасампаздық пен адамгершілікке негізделген мән-мағынасын ашуға арналған зерттеулерді жүрзеге асырады.

Орталықтың қызметін қолдау және үйлестіру жөніндегі Қамқоршылық кеңесі Орталықтың қызметін үйлестіреді.