Педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесі енгізілуде

    Министрлер Кабинетінің 20.12.2024 жылғы «Мектепке дейінгі және мектепте білім беру қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби білімін дамыту жүйесін жетілдіру туралы» МКҚ-867-санды қаулысы қабылданды.

    Президенттің 21.06.2024 жылғы ПҚ-231-санды қаулысына сәйкес, 2025 жылдың 1 январынан бастап үздіксіз кәсіби білімін дамытудың вертикальды жүйесі (министрлік — білімін жетілдіру мекемесі — білім беру ұйымы) енгізіледі. Ол мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдары қызметкерлердің кәсіби қажеттіліктері мен біліктілік санатына қарай классифкацияланған білім беру бағдарламаларына негізделген.

    Мектепке дейінгі және мектептік білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін оқу курстары бес жыл сайын ұйымдастырылады.

    Басшы кадрларды біліктілігін арттыру курстары менежерлердің біліктілігін арттыру курстары негізінде және кадрлар үшін оларда заманалық біліктілікті қалыптастыруға бағытталған вариавтивті (байқау) және инварианттық (міндетті) модульдерден құралған білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады.

    Құжатпен Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыруды ұйымдастыру тәртібі туралы ереже бекітілді. Ол төмендегілерді белгілейді:

    үздіксіз кәсіби даму жүйесі, оның мақсаты мен негізгі міндеттері;

    үздіксіз кәсіби даму түрлері және оларды ұйымдастыру тәртібі;

    үздіксіз кәсіби дамуды сапасын бағалау және бақылау.

    Үздіксіз кәсіби дамудың негізгі міндеттері:

    басшы, педагогтар мен қызметкерлердің кәсіби білімдері, дағдылары және шеберліктерін үздіксіз жаңарту механизмдерін енгізу, заман талабына сай білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде кәсіби дайындықты жүзеге асыру;

    педагогтарды кәсіби шеберлігі мен білім деңгейлеріне қарай, кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес келетін бағдарламаларды меңгеруге бағыттау, әдістемелік компетенттік деңгейін арттыру және олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, заманауи тәрбие әдістерін меңгеру;

    білім сапасын арттырудың негізгі көзі ретінде педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуын, бастамашылдығы, шығармашылығы мен шеберлігін ынталандыру;

    Кадрларды даярлау сапасына қойылатын біліктілік талаптарын арттыру;

    қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін кең мүмкіндіктер беретін білім беру ортасын құру.

    Құжат Заң құжаттары ақпараттарының ұлттық базасында мемлекеттік тілде жарияланды және 2024 жылдың 23 декабрінен күшіне енді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates