Ферғана облысында бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылды

    Инвестициялар 28 Dekabr 2022 1369

    Ферғана облысында бірқатар ірі өндіріс жобалары іске қосылды.

    Ашылу салтанатына Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің Ферғана облысы бойынша басқармасының басшылығы, жергілікті билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Атап айтқанда, Ферғана қаласындағы «A.Akbarali» жауапкершілігі шектеулі қоғамының кәсіпорнында жобалық құны 10 млн долларды құрайтын тоқыма маталар мен сүлгі бұйымдарын бояудың жаңа желісі іске қосылды. Жаңа желі итальяндық «SPA», «PENTEK» және Түркияның «DILMENLER BIANCO» компанияларының заманауи қондырғыларымен жабдықталған. 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл ішінде 5 миллион доллардың өнімін экспорттау жоспарлануда.

    «Quva tekstil» ЖШҚ кәсіпорнында құны 11 миллион долларды құрайтын жоба жүзеге асырылды, дайын өнім өндірісі кеңейтіліп, 450 жаңа жұмыс орны ашылды.

    «Qo‘qon» еркін экономикалық аймағында орналасқан «Admiral Group» жауапкершілігі шектеулі қоғам кәсіпорнында құны 6 миллион доллар болатын ұн және ұн өнімдерін шығаратын өндіріс желісі іске қосылды. Өндірістік қуаттылығы жылына 185 мың тонна болатын заманауи түрік қондырғылары орнатылды. 120 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Кәсіпорынның экспорттық әлеуеті жылына 20 миллион долларға жетті, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates