Ферғанада қуаты 60 кВт күн фотоэлектр станциясы іске қосылды

    Энергия 3 Avgust 2022 2040

    Ағымдағы жылдың июль айында «Farg’ona IEM» АҚ Қазан цехының ғимаратына қуаты 60 кВт күн фотоэлектр станциясы орнатылып, пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде, кәсіпорында жылына жылу энергиясын 47,45 Гкалга, электр энергиясын 108 мың кВт/сағатқа үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ жыл соңына дейін «Farg’ona IEM» АҚ-ның бар ғимараттарына 13 дана жалпы 2600 литрлік күн су жылытқышын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, өндірісте жанармай-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайту, энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдейтін технологияларды және қайта тіктелетін энергия көздерін енгізу мақсатында «Farg’ona IEM» АҚ ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай тұрған ескі көмір қоймасының орнына қуаттылығы 1800-2000 кВт болған күн панельдерін орнату жоспарлануда. Бұл күн панельдері «On-Grid» режимінде жұмыс істейтінін ескере отырып, жылына 7-8 миллион килоВатт қосымша электр энергиясын алуға, жанармай-энергиялық ресурстарды үнемдеуге, атмосфераға зиянды газдардың шығуын азайтуға да болады.

    Мәлімет ретінде, станцияда 200 литрлік су жылыту және жарықтандыру шырақтары, жалпы қуаты 13 килоВатт болатын 4 дана күн панелі арқылы істейді. Олар 2020 жылдан пайдалануға берілгеннен бүгінгі күнге дейін жалпы 162 018 килоВатт/сағ электр энергиясы және 0,07 Гкал жылу энергиясы үнемделді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі «Жылу электр станциялары» АҚ ақпаратына сүйеніп.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates