Ферғанада жеміс-көкөніс жеткізу желілерін дамытудың халықаралық тәжірибесі енгізілуде

    Агросектор 10 Oktabr 2022 1362

    Ағымдағы жылдың 10 октябрінде Ферғана қаласында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі облыс әкімдігімен бірге «Жеміс-көкөніс өнімдерін тұтынушыға жеткізіп беру тізбегін дамытуда халықаралық тәжірибе» тақырыбында оқу-семинар ұйымдастырылды.

    БҰҰ Даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылған семинарға қала және аудан әкімшіліктері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен экспорттаушылар қатысты.

    Министрліктің аумақтық басқармасының басшылығы сыртқы базарлар, шетелдік тұтынушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін жүйелі түрде талдау мен бағалау маңыздылығына тоқталып, осы орайда аналитикалық дағдылар мен оқыту әдістерін меңгеру, әлемдік тәжірибені ескере отырып, өнімді өндіру мен жеткізудің барлық кезеңдерін ұйымдастыру үдерістерін үйлестіру бойынша семинардың өзектілігін тілге тиек етті.

    Сондай-ақ халықаралық тренерлердің қатысуымен өтетін тренинг-семинар күн тәртібінде маркетингтік стратегияны әзірлеу бойынша біліктілігін арттыру, тартымды базар тенденциялары, қателерді талдау, базарға кіру және өнімді ілгерлету стратегиясы, нарықты бағалау, бәсекелестік, тәуекелдер мен болашақтар сияқты бағыттар бойынша баяндамалар мен пікірталастар болды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates