Нысан толықтай автоматтандырылған, соңғы жаңа технологиялар негізінде жұмыс істейді, Schuler, Prima Power, Benteler, Aotto сияқты әлемнің жетекші машинажасау компанияларында шығарған болат орамнан қажетті өлшемін алу, қыздырып престеу, лазерлік кесу құрылғыларымен жабдықталған.
Жаңа желіні іске қосу нәтижесінде 120 жаңа жұмыс орны ашылып, кәсіпорынның жылдық өндірістік көлемі 95 миллион долларға артты. Қыздырылған металды өңдеу желісінің өзі жылына 19 миллион доллардан асатын 2,4 миллион да өнім шығарады.
Сондай-ақ жаңа технологиялық үдеріс, елімізде шығарылатын Tracker және Onix автокөліктеріне арналған 20 түрдегі қосалқы бөлшектерін жергіліктендіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат үшін: «Uzsungwoo» ЖШС біріккен кәсіпорнының ұйымдастырылғаны 2012 жылдан бері Ферғана облысындағы инвестициялар көлемі 60 миллион долларға жетті. Өзбекстанның автомобиль өнеркәсібінде берік орны бар кәсіпорын 10 жылдан бері елімізде шығарылатын ірі және орта автокөліктерге арналған 300-ден астам атаудағы штампталған-дәнекерленген бөлшектер шығарып келеді. Кәсіпорындағы жұмысшылар саны 900-ден асты, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.