Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ферғана қаласындағы «Азия» қонақ үйінің мәжіліс залында жапондық инвесторлардың қатысуымен «Shogun City» жобасына арналған шара өткені айтылды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Хуршид Ахмедов, Ферғана қаласының әкімі Восилжон Назаров, “Өзбекстан-Жапония сауда үйінің” басшысы Бунёдбек Ибрагимов, облысымызға іссапармен келген Окуда Такефуми бастаған жапондық кәсіпкерлер делегациясы және кәсіпкерлер қатысты.

Жапон бағы, қонақүй мен мейрамханалар кешенін қамтыған ірі және заманалық “Shogun City” жобасы Жапонияның “Micado Development” компаниясы тарапынан Ферғана қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» массиві — «Экочахар» аумағында жүзеге асырылуда. Жоба аясында жапон мәдениеті мен сәулеткерлік дәстүрлері үйлескен заманалық тұрғынүй кешенін және бизнес орталықтар құрылады.

Шарада сөз сөйлегендер Өзбекстан мен Жапонияның Мемлекет басшылары арасындағы жақын, өзара сенімге негізделген қарым-қатынастар нәтижесінде соңғы жылдарда көптеген салаларда ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқаны, елімізде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанына тоқталды.

“Shogun City” жобасы Ферғана облысы мен Жапония арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаратыны айтылды.

—  "Жобаның жалпы құны 60 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл менің жеке қызметім үшін де, Жапония үшін де өте үлкен жоба. Бұл болашақта Өзбекстан мен Ферғана үшін үлкен бизнеске айналады деп ойлаймын", - деді Окуда Такефуми.

Сондай-ақ бұл жоба жапондық инвесторлар үшін облыста жұмыс бастауға бірегей платформа болатыны, өңірдің туристік әлеуетін одан әрі арттыруға қызмет ететіні айтылды.

Шара аясында облыс басшылығының, инвесторлар мен серіктестердің қатысуымен жоба ресми түрде іске қосылды.

Сонымен қатар Окуда Такефуми бастаған Жапония кәсіпкерлер делегациясы Ферғана қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» массивінде жүргізіліп жатқан құрылыс-жасампаздық істермен де танысты.  Осы аумақта «Shogun City» жобасының бірінші басқышы — “Sakura Garden” заманауи тұрғын үй кешені кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі де өтті.