Финляндия Өзбекстандағы білім беру жүйесін жетілдіру үшін 1 миллион еуро бөлді

    Білім 7 Fevral 2022 2476

    Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың соңында Білім инспекциясының, Халыққа білім беру және Сыртқы істер министрлігінің жауаптыларынан құралған Өзбекстан делегациясы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша финляндиялықтардың Білім беру жүйесін терең үйрену мақсатында Финляндияға ресми сапармен барған болатын.

    Сапар барысында Білім сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясы мен Финляндияның ұлттық білім агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Аталмыш меморандумда білім берудегі сапа мен тәжірибені ынталандыру мақсатында жүйені дамытуды, соның ішінде жаңа педагогикалық әдістерді, оқыту үдерістерін, педагогикалық басқаруды, оқу бағдарламаларын әзірлеуді, зерттеуді, бағалауды енгізуді, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыруды мақсат етіп белгілеген.

    Сонымен қатар, аталмыш құжатта мұғалімдердің біліктілігін арттыру және жаңа технологияларды қолдану саласында инновациялық педагогикалық тәжірибе алмасу, конференциялар мен семинарларды өткізуді ынталандыру арқылы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты жобаларды жүзеге асыру көзделген.

    Сапардың алғашқы іс жүзіндік нәтижелерінің бірі ретінде Финляндия үкіметі ынтымақтастық туралы меморандумда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін 1 миллион еуро бөлді.

    Аталмыш жоба жоспарын жасау және Өзбекстан тарапымен келісу үшін қосымша 55 000 еуро қаржы бөлініп, онда Финляндияның білім беру жүйесінен құралған делегация Өзбекстанға сапармен келуі, білім үдерісімен жақыннан танысып, Білім инспекциясы өкілдерімен талқылаулар өткізу арқылы жоба жоспарын жасайтыны көзделген.

    Алдын ала келісімдерге сәйкес, жоба аясында финляндиялық білім беру сарапшыларын тарта отырып, оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді құруды, білім беру саласының өкілдерін оқыту курстарын өткізуді көздейді.

    Білім беру саласындағы тығыз ынтымақтастықтың жалғасы ретінде финляндиялық және эстониялық серіктестердің қолдауымен Өзбекстанның білім беру жүйесін халықаралық білім беру қауымдастығына одан әрі интеграциялауға бағытталған TWINNING бағдарламасын жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

    Ақпарат үшін, TWINNING, яғни (туыстық) жобасы – Еуропа Одағы заңдылығы үшін қажетті дағдылар мен тәжірибеге ие институционалдық ынтымақтастық арқылы серіктес елдерді қолдауға бағытталған ұзақ мерзімді жоба саналады.

    Жобаның негізгі мақсаты – кадрлар дайындау және мемлекеттік институттары құрылымдарын қайта құруды қолдау арқылы серіктес елдер әкімшіліктерінің басқару әлеуетін арттыру, деп хабарлайды Білім беру сапасын бақылау Мемлекеттік инспекциясының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates