ТЖМ тұрғындарды аптаптан сақтануға шақырды

    Ауа-райы күрт ыстық болуы әсіресе балаларға, қарттар кісілер мен науқастарға қатты әсер етеді. Тіпті сау адамдар да кейбір ережелерді сақтауы қажет болады.

    Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

    Күннің ұруы ашық ауада тікелей күн нұрының астында қалғанда болады, бірақ ыстық әсер еткеннен кейін 6-8 сағаттан соң да басталуы мүмкін. Күннің ұруын болдырмау үшін бірнеше ережелерді сақтау қажет:

    Мүмкіндігінше сағат 10:00 мен 17:00-ге дейінгі тіке түсетін күн сәулесінен аулақ болыңыз.

    Табиғи матадан (мақта, кенеп және т.б.) жасалған киімдерді киіңіз.

    Әрине, жеңіл, ашық түсті қалпақ киіңіз. Көзіңізді қорғау үшін күннен қорғайтын көзілдірік киіңіз.

    Су ішу режимін ұстаныңыз. Суды көп мөлшерде ішу шөлді жақсы қандырып қана қоймайды, сонымен қатар жүректі зорықтырады. Ең жақсысы, ащы шай, квас, түрлі шарбаттар, минералды су ішкен дұрыс. Үйден шыққанда оны өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

    Күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз.

    Күн астында болғаннан кейін, душ қабылдаңыз немесе сулы сүлгімен денеңізді сүртіңіз.

    Аш қарынға немесе тамақтанғаннан кейін бірден күн астында шықпаңыз.

    Күн ұруының белгілері:

    — әлсіздік, шаршау, бас ауруы және шөлдеу байқалады;

    — бас айналу, құлақтың шуылдауы, бүкіл дененің ауыруы, пульстің және тыныс алудың жылдамдауы. Кейде жүрек айнуы мен құсу байқалуы мүмкін. Терлеу күшейеді, мұрыннан қан кетуі де болады.

    — жүрек-қан тамырының қызметі мен тыныс алуы қатты бұзылады, есінен танып қалуы мүмкін.

    — кейде тұтқанақ, сандырақтау және галлюцинациялар болуы мүмкін

    Күн ұрудың ауыр түрінде терлеу тоқтайды, ал егер науқасқа медициналық көмек көрсетілмесе, тыныс алу және жүрек тоқтауы мүмкін.

    Күн ұрғанда алғашқы медициналық көмек

    Алғашқы медициналық көмек адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Ең бастысы, өзіңізді жоғалтпай, бәрін дұрыс және тез жасау қажет.

    — науқасты салқын жерге, шалқасынан жатқызып, басын сәл көтеріп, киімін шешіп, толық тыныш орта жасап, таза ауамен қамтамасыз ету;

    — егер науқас есін жиса, ащы шай немесе салқын су ішкізу, (0,5 литр суға 0,5 шай қасық тұз қосқан дұрыс);

    — егер науқастың басын салқын сумен сулап уқалау немесе басына сулы сүлгі қойыңыз;

    — ауыр жағдайда науқасты сулы сүлгімен орап қою немесе үстіне су құюға болады, бірақ абай болу керек (дене температурасы 30 градустан төмен түспеуі керек). Мүмкіндігінше қан тамырлары көп болатын қолтық астына, шабы мен тізенің артына мұз немесе суық су толтырылған баклашка қою керек;

    — күн ұрған науқастарды жақын жердегі медициналық мекемеге апару қажет. Ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырған дұрыс.