Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясын жүзеге асыру барысы талқыланды

    Ел назарында 7 Iyun 2023 1304

    Үстіміздегі жылдың 6 июнінде Әйел-қыздар және гендерлік теңдік мәселелері Комитеті тарапынан сенаторлар, Комитеттің сарапшылар тобының мүшелері, министрлік пен кеңсе өкілдерінің қатысуымен 2030 жылға дейін Өзбекстан Республикасында гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясын 2023 жылда жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар бағдарламасының орындалуы барысы талқыланды.

    Ең алдымен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің әлеуметтік және саяси өмірдегі рөлін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Атап өткендей, саяси партиялар тарапынан « Саясатшы әйел» туралы 100-ге жуық медия өнімдері дайындалып, әлеуметтік желілер арқылы көрсетілген, сондай-ақ партиялардың әлеуметтік-саяси басылымдары (газеттер, журналдар) арқылы гендерлік теңдік тақырыбына арналған 300-ден астам материал жарияланған.

    Ұлттық кадр қорындағы әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу мақсатында «Басшы әйелдер мектебі» оқу бағдарламасына сәйкес 53 тыңдаушы оқытылып, Ұлттық кадр қорына енгізілді.

    Әйелдерді реаблитациялау және бейімдеу орталықтары тарапынан еңбек ұжымдарындағы зорлық-зомбылық түрлері мен олардың алдын алу бойынша қысқа мерзімді семинарлар-тренингтер ұйымдастырылып, жалпы 2 мыңнан астам қатысушы қамтылды.

    Әйел-қыздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған 10 962 тарапа материал, 398 бейнеролик дайындалып, сондай-ақ махалла, оқу орындарында және кәсіпорындар мен ұйымдарда 10 мыңнан астам кездесу мен дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді.

    Сенаторлар тарапынан Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясында белгіленген міндеттер мен іс-шараларды уақтылы жүзеге асыру, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмысты күшейту туралы ой-пікірлерін білдірді.

    Талқылау барысында уақытында орындалмаған кейбір тапсырмалардың орындалуына назар аударылып, министрліктер мен кеңселерге тиісті ұсыныстар берілді.

    Атап айтқанда, барлық мемлекеттік органдарындағы әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша Мәслахат кеңестері мүшелерін жеке бағдарлама негізінде оқыту, гендер стереотиптерді жоюға бағытталған бейне және аудио материалдарды әмбебап әлеуметтік желілер мен блогтарда кеңінен насихаттау, мемлекеттік басқару органдарының еңбек ұжымдарындағы зорлық-зомбылық түрлері және олардың алдын алу бойынша қысқа мерзімді оқыту аясын кеңейту қажеттігі айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Талқылау соңында Комитеттің білдірген ұсыныстарын ескере отырып, қаулы қабылданды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates