Айта кету керек, БҰҰДБ-мен ынтымақтастығында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Кездесуде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты және БҰҰ Даму Бағдарламасымен ынтымақтастығындағы «Өзбекстанның ұлттық гендерлік стратегиясының жүзеге асырылуын қолдап-қуаттау арқылы теңдікке қол жеткізу» біріккен жобасының жүзеге асырылуы және ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Өткен жылы Өзбекстанда гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің алдағы болашағын зерделеу (Foresight) тұжырымдамасы әзірленді, ұлттық сарапшылар тобы қалыптастырылғаны, «Мемлекеттік мекемелерге гендерлік теңдік белгісі» жаһандық бағдарламаныжүзеге асыру аясында Кеден комитеті үшін шеберлік сабақтар мен сұраунамалар жүргізілгені, гендерлік стратегияны іске асыру мониторингі және мақсатты көрсеткіштері (субиндикаторлар) әзірленгені айтылды.
Диалог барысында 2024 жылға арналған жобаның негізгі бағыттары қаралды. Онда Ұлттық көшбасшы әйелдердің платформасы мүшелерінің және қордағы жетекші әйелдердің әлеуетін арттыру, олардың саяси өмірдегі белсенділігін күшейту, саяси партиялар мен жергілікті Кеңестер өкілдерінің көшбасшылық қабілеттерін арттыру сынды мәселелерге назар аударылды.
Сондай-ақ, сұхбат барысында 2030жылға дейін Өзбекстан Республикасында гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу стратегиясын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты нығайту, бiрлесiп жүзеге асырылатын жобалар мен халықаралық шаралар туралы жан-жақты пiкiр алмасты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметi.