Германиямен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар одан әрі кеңейеді

    Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасының басқару мүшесі, доктор Фолькер Траер басшылығындағы Германия делегациясының елімізге сапары аясында ағымдағы жылдың 14 сентябрінде Ташкент қаласында «Өзбекстанда Германия экономикасының күніне» арнап, Өзбекстан-Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіп кооперациясын дамытуға қатысты бірқатар шаралар өтті.

    Шараларға толы бағдарлама дөңгелек үстел сұхбатымен басталды. Шара барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен болашақты жобалар талқыланды.

    Шараны Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов, Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Жамшед Ураков, Германия Сауда-өнеркәсіп палатасының сыртқы сауда жөніндегі бас атқарушы директоры, басқару кеңесінің мүшесі Фолькер Траер, Экономика және климатты қорғау Федералдық министрлігінің Сыртқы сауданы қаржыландыру мен дамыту басқармасының басшылығы Герлинд Хекман, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы Шетелдік инвестицияларды тарту агенттігінің директоры Мурад Мирзаев пен Германияның Өзбекстандағы елшісі Тило Клиннер кіріспе сөзбен ашты.

    Құттықтау сөзінде спикерлер Өзбекстанды Германияны Еуропалық Одағының стратегиялық серіктесі деп санайтынын және бүгінде екі жақтың да өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға бар іс-әрекеттерін салып жатқанын атап өтті. Бұл ретте жаңа болашағы бар бастамаларды ілгерілету арқылы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударылды.

    Ақпарат үшін: соңғы екі жылда Өзбекстанға салған Германия инвестициясының жалпы көлемі 2 миллиард еуроға құрады. Сондай-ақ қазіргі кезде Германия серіктестерімен берге 100 миллиардтан астам болған 10-нан көп біріккен жобалар жүзеге асырылуда.

    Соңғы 6 жылда Өзбекстанда Германия капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындар саны 3 есеге артты, бүгінде бұл көрсеткіш 200-ге жетті. Биылдың 6 айында 17 біріккен кәсіпорын іске қосылды.

    Давра суҳбатидан сўнг B2G форматидаги учрашувлар ва «Ўзбекистонда Дөңгелек үстел сұхбатынан кейін B2G форматындағы кездесулер мен «Өзбекстанда Германия экономикасы күні 2023» конференциясы ұйымдастырылды.

    Конференцияға Германия және Өзбекстан бизнес қауымдастығының 300-ден астам өкілдері, инвесторлар, сондай-ақ Өзбекстан министрліктері мен кеңселерінің басшылары мен мамандары қатысты.

    Конференция бағдарламасында «Өзбекстандағы неміс дуальды білім беру жүйесі: мүмкіндіктер мен болашақтары» және «Өзбекстан мен Германия арасындағы энергетикалық саласын өзгерту бойынша ынтымақтастық» тақырыптарында панельдік пікірталастар болды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Конференцияға қатысушылар мұндай ірі халықаралық іс-шаралар іскерлік қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуде, екіжақты сауданы дамытуда, біріккен инвестициялық жобалар мен бастамаларды ілгерілету болашақтары мен мүмкіндіктерін анықтауда, жалпы екі елдің іскер топтары арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates