Гомель облысының ресми және іскерлерден құралған делегациясы Ферғанаға келеді

    Ағымдағы жылдың 18-21 апрель күндері Беларусь Республикасының Гомель облысы атқару комитетінің төрағасы Иван Крупко басшылығындағы ресми және іскер топ өкілдерінен құралған делегация Ферғана облысына іссапармен келеді.

    Ферғана облысы әкімдігінің ақпаратына орай, ресми кездесулер аясында Ферғана облысы мен Гомель облысы басшыларының тар және кеңейтілген шеңберінде кездесулер өтеді. Ферғана облысы мен Гомель облысы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады. Сондай-ақ «Қоқан» еркін экономикалық аймағы мен «Гомель-Ратон» еркін экономикалық аймағы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы жоспарлануда.

    Беларусь делегациясының сапары барысында Ферғана қаласында облыста өндірілетін өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады. Ферғана облысы мен Гомель облысының іскер топтарының өкілдері арасында В2В формасында келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер соңында келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылады деп күтілуде, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates