Гүлстанда жаңа мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесі пайдалануға берілді

    Ел назарында 22 Dekabr 2021 1559

    Гүлстан қаласындағы «Дустлик» махалласының аумағындағы №3 мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесінің жаңа, заманалық ғимараты пайдалануға тапсырылды.

    – Мекеменің ескі ғимараты шамамен 1963 жылы салынып, жарамсыз болып қалды, – дейді №3 мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесінің меңгерушісі Дурдона Бозорбаева. – Мекеме ғимараты мекендік бағдарламаға енгендіктен ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа заманалық, екі қабатты ғимарат құрылды. Осы мақсатқа мемлекет бюджетінен 4 миллиард 170 миллион сум бөлінді.

    Бекабад ауданындағы Фуркат Отакузиев басшылығындағы «Лайло, Диёрбек» жауапкершілігі шектеулі қоғам құрылысшылары қысқа мерзімде ғимаратты пайдалануға тапсырды.

    Ескі, әбден тозығы жеткен ғимаратта бұрын 90 бала тәрбиеленген болса, жаңа заманалық ғимаратта 150 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларға мұнда барлық жағдай жасалған. Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрлігінен сәнді де әдемі құрал-жабықтар берілді. Жиналыс залы, ойын залы, үйірмелерге арналған бөлмелер, ал шағын аулада әуіз, жазғы террассалар бар.

    Балалар 5 топқа бөлінген, оларға мекеменің білікті 30 педагог-қызметкерлері, яғни тәрбиешілер, психолог, дефектолог, тағы басқа да мамандар орыс, ағылшын тілін үйретуде, балалар шахмат, дойбы, сурет, көркем гимнастикадан сабақ алуда.

    Ғулом Примов,

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates