Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария, Самарқант облыстарында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндізгі ауа температурасы 25-30° шамасында, жаңбыр кезінде 20-25° шамасында болады.

19-20 апрель күндері Өзбекстанның барлық аумағына циклон әсері таралады. Республика бойынша жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болуы мүмкін. Ауа температурасы бірте-бірте төмендеп, 20 апрельде 28-23°-қа жетеді.

18 және 19 апрельде кей жерлерде жел 17-22 м/с-қа күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаң көтеріледі.

Өзбекстанда жұмыс аптасының екінші жартысында құрғақ ауа райы сақталады. Түнде аздап салқын болады, ал 22 апрельге қарай ауа температурасы күндіз 25-28°-қа дейін көтеріледі.

18-21 апрельде еліміздің тау бөктерінде және таулы аймақтарында сел  тасқыны күтіледі, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметінің орталығы.