Тек Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында кейбір жерлерде және 19 февраль күні Самарқант, Жызақ облыстарының кей жерлерінде ғана жаңбыр жаууы мүмкін. Осы күндері ауа температурасы дерлік өзгермейді.

Аптаның екінші жартысында Өзбекстанның барлық облыстарында көктемгі құрғақ және жылы ауа райы күтіледі. Күндіз ауа 15-20 градусқа дейін жылынады. Бұл температура март айының соңы мен апрель айының басындағы климаттық көрсеткіштерге сәйкес келеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус шамасында жылы болады.

Шығыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, 18 февраль кей жерлерде секундына 13-18 метрге дейін жел күшейеді.

17-20 февраль күндері Ташкентте жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. 17-19 февраль күндері ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 11-14 градус жылы, 20-21 февраль түнде 2-5 градус жылы, күндіз 15-18 градус жылы болады.