Осыған орай ұйымдастырылған шарада Президент Шавкат Мирзияевтың биылғы 18-19 май күндері осы елге жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдер, Өзбекстан мен Қытай, жалпы Орта Азия елдері арасында журналистер ұйымының ынтымақтастығын нығайту, бірлескен халықаралық медиафорумдар өткізу бойыша айтылды.
Сондай-ақ, қол қойылған келісім негізінде екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, өзара ынтымақтастық орнату жөнінде ой-пікірлер алмасылды.
– Бұл келісімде тәжірибе алмасуға жіберілетін делегация мүшелері алты адамнан аспауын, сапар мерзімі жеті күн деп белгіленді , – деді Өзбекстан Журналистер бірлестігі төрағасының м.а. Холмурод Салимов. – Келісімде әрбір мәселеге нақтылық енгізілді. Сонымен қатар, қабылдайтын тарап журналистер делегация мүшелерінің жасап тұруы, тамақтануы, ішкі жол жүруі мен аудармашылық қызметтің қаражаттарын қаптайды. БАҚ топтарын бақылаушы тарап тек бару-қайту билеттерін сатып алады. Сондай-ақ, тараптар бір-біріне бағдарламаларды дайындау және визаны ресмилендіру сияқты мәселелерде көмектесуді де өз міндетіне алады.
Ақпарат үшін, Жалпықытай журналистер ассоциациясы 1937 жылы 8 ноябрь күні құрылған. Ассоциация әлемнің 120-дан астам елінің журналистер ұйымдарымен ынтымақтастық байланыс орнатқан.
Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімінде тараптар бір-біріне естелік сыйлықтар табыс етті.
Өзбекстан Журналистер бірлестігінің ақпарат қызметі