Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойып, Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық серіктестікті дамытудың жан-жақты бағдарламасын қабылдады.
Басшылардың қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:
- Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім;
- Өзбекстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi өзбек-қытай үкiметаралық комитетiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама;
- Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы жалпы білім беретін мектептердің әлеуетін дамыту жобасын жүзеге асыру туралы келісім;
- Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Өзбекстаннан Қытайға экспортталатын мұздатылған құс етінің инспекция, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттама;
- Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Өзбекстаннан Қытайға жүзім экспортындағы фитосанитарлық талаптар және бақылау туралы хаттама;
- Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы уәкілетті экономикалық операторлардың бағдарламаларын өзара тану туралы келісім;
- Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі арасындағы басым инвестициялық жобаларды ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Баспасөз қызметі арасындағы БАҚ саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- Ташкент қаласы мен Сычуань провинциясы арасында әріптестік қарым-қатынас орнату туралы келісім;
- Сырдария облысы мен Шэньси провинциясы арасында серіктестік қарым-қатынас орнату туралы келісім;
- Самарқанд облысы мен Шэньси провинциясы арасында серіктестік қарым-қатынас орнату туралы келісім.
Сонымен қатар келесі маңызды экономикалық келісімдерге қол қойылды:
- электр беру желілері мен қосалқы станцияларының құрылыс жобасын қаржыландыру туралы;
- мультимодальды логистикалық орталық құру туралы;
- «Өзбекстан темір жоллары» АҚ локомотивтер паркін жаңарту және жаңғырту туралы;
- Өзбекстан-Қытай агроөнеркәсіптік паркін құру туралы;
- Агроинновациялық парк құру туралы;
- Өзбекстан-Қытай биотехнологиялық кластерін құру туралы;
- «Узбектелеком» АҚ телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі кеңейту туралы;
- «EXEED» компаниясымен бірлесе отырып заманауи автомобильдер шығару туралы;
- «BYD Auto Industry» компаниясымен бірлесе отырып электр және гибридті автомобильдер шығару бойынша;
- «Өзбекстан Ұлттық банкі» АҚ мен «Қытай Эксим Банкі» арасындағы несиелік желілерді тарту туралы;
- «Өзбекстан Ұлттық банкі» АҚ мен «Қытай Мемлекеттік Даму Банкі» арасындағы несиелік желілерді тарту туралы;
- «China Export and insurance corporation» мен ынтымақтастық туралы;
- Сырдария облысындағы «Норын ГЭС каскадының құрылысы» және Ташкент облысының Бостандық ауданындағы «Айғайын ГЭСкаскадының құрылысы» жобаларының техникалық-экономикалық негіздерін дайындау туралы;
- телекоммуникация желілерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы.
Сондай-ақ сапар аясында желілік меморандумдарға қол қойылды:
- Өзбекстан Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Халықаралық қатынастар және достық байланыстар Комитеті мен шет елдермен достық Шанхай халық қауымдастығы арасында;
- Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесі арасында сауда құқығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Өзбек-Қытай комитетін құру туралы;
- Өзбекстан Республикасының тауар биржасы мен Дальян тауар биржасы арасында;
- Өзбекстан құс шаруашылығы қауымдастығы мен Қытай мал шаруашылығы қауымдастығы арасындағы құс шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы;
- Өзбекстан Республикасының «Узчармсаноат» қауымдастығы мен Қытай былғары өнеркәсібі кооперация қауымдастығы арасында;
- Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті мен Пекин шет тілдері және мәдениет университеті арасында;
- Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті мен Ляонин педагогикалық университеті арасында;
- Самарқанд халықаралық технологиялық университеті мен Тяньцзинь ғылым және технология университеті арасында;
- Самарқанд халықаралық технологиялық университеті мен Солтүстік-Шығыс электроэнергетикалық университеті арасында;
- Әлемдік экономика және дипломатия университеті мен Шанхай университеті арасында.
Сапар аясында екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған барлығы 41 құжатқа қол қойылды.