Мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Онда негізгі уағдаластықтар атап өтіліп, жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен оны нығайту перспективалары көрсетілген.

Жоғары деңгейдегі сапар аясында 15 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде:

  • «Жасыл» даму саласындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Цифрлық экономика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту туралы меморандум;
  • пайдалы қазбаларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • 2022-2025 жылдарда мәдени алмасу бағдарламасы;
  • Ұлттық ақпарат агенттіктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Самарқанд облысы мен Шаньдун провинциясы арасында әріптестік қарым-қатынас орнату туралы келісім;
  • Ташкент облысы мен Чунцин мегаполисі арасында әріптестік қарым-қатынас орнату туралы келісім;
  • Бұхара облысы мен Юньнань провинциясы арасында әріптестік қарым-қатынас орнату туралы келісім;
  • Бұхара мен Куньмин қалалары арасында әріптестік қарым-қатынас орнату туралы келісім.

Сондай-ақ жалпы құны 15 миллиард долларды құрайтын сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.