Бұрын әр жылғы негізгі ұзартылған еңбек демалысы кімдерге берілетіні туралы ақпарат берген болатынбыз. Бұл жолы біз қосымша демалыстар туралы біліп аламыз.
Еңбек Кодексінің 219-бабына сәйкес әр жылы қосымша демалыстар
— еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге;
— қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлерге;
бір ұйымда немесе желіде көп жылдық жұмыс өтілі бар қызметкерлер заңдылықта, ұжымдық келісімшарттарда, сондай-ақ ұжымдық келісім шарттарда, ішкі құжаттарда, еңбек келісімшарттарында көзделген басқа жағдайларда беріледі.