Заңмен Еңбек кодексіне «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» кеңсеаралық бағдарламалық-аппараттық кешенінде электрондық формадағы еңбек шартын ресімдеу тәртібін енгізу, жалақысы сақталмайтын демалыстың ұзақтығын белгілеу тәртібін, қызметкердің орташа жалақысын есептеу тәртібін өзгертуді көздейтін өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде.
Сондай-ақ, «Білім туралы» Заңға сәйкес қызметкерлер кешкі немесе сырттай оқу бөлімінде оқи алатын білім беру ұйымдарының түрлерін нақтылау бойынша өзгерістер енгізілуде.
Сонымен қатар, қызметкерді жүктілігіне немесе балалы болуына байланысты жұмыстан шығаруға тыйым салынуда.
Енгізілген өзгерістерге орай, мемлекеттік органдары мен ұйымдары жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің төлқұжаты немесе ID-картасына, еңбек дәптеріне қатысты мәліметтерді тәуелсіз түрде, сонымен қатар ақпарат жүйелеріндегі кеңселераралық интеграциялық платформалары арқылы сұрайтын болады.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек қатынастарына еңбек туралы заңдылықты қолдану «Мемлекеттік азаматтық қызметі туралы» Заңмен реттелмеген бөлігі бойынша енгізілуі белгіленді.
Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.