Жүргізушілерді даярлау және қайта даярлау саласын лицензиялау Ішкі істер министрлігіне беріледі

    Ел назарында 28 Dekabr 2022 1549

    Сенаттың отыз алтыншы жалпы жиналысында «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралды.

    Осы құқықтық құжатты қарау барысында сенаторлар жолдарымызда орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары қоғамымызды алаңдатып отырғанын айта келе, оның себептерін анықтап, оның алдын алуда тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру керектігін баса айтты.

    Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, автокөлік жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі кемшіліктер автомобиль жолдарында әртүрлі құқықбұзушылықтар мен адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғаларының себебі болып табылады.

    Заңға сәйкес, автокөлік құралдарының және қалалық электрмен жүретін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті, сондай-ақ автокөлік құралдары жүргізушілерінің біліктілігін арттыру туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылатын қызметті лицензиялау жөніндегі өкілетті органның мәртебесі Министрлер Кабинетінің жанындағы Білім сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясынан Ішкі істер министрлігіне беріледі.

    Сонымен қатар, Заңға сәйкес, автокөлік құралдарының және қалалық электрмен жүретін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау саласындағы қызметті лицензиялау үшін төленетін мемлекеттік баж базалық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде белгіленді.

    Сондай-ақ «Мемлекеттік баж туралы» және «Лицензиялау, рұқсат беру және хабарлар ету тәртіп-ережелері туралы» заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates