Шекараалды жайылымдарға малды тек күндіз ғана жаюға рұқсат етілген

    Қауіпсіздік 12 Oktabr 2023 1670

    Министрлер Кабинетінің 2023 жылғы 9 октябріндегі «Жайылым жерлерден пайдалану бойынша заң құжаттары жетілдірілгендігіне қатысты Министрлер Кабинетінің 2018 жыдың 5 июльдегі 504-санды қаулысымен бекітілген Өзбекстан Республикасы аумағында шекара режімі бойынша ережеге өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы » 534-санды қаулы қабылданды.

    Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы аумағындағы шекара режимі бойынша ережені бекіту туралы Ереже шекараалды аймағы мен шекараалды аумақтардағы жайлау жерлерден пайдалану тәртібін белгілейтін тараумен толықтырылды.

    Шекараалды аймағы мен шекаралас өңірдегі жайылымдық жерлерді Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитеті бір жылда бір рет қалыптастырылатын тізімге енгізілген тұлғалар пайдалана алады.

    Анықтама үшін: қалыптастырылған тізім МҚҚ Шекара әскерлері мен ішкі істер органдарына жіберіледі.

    Жерді пайдалану жалдау құқығы негізінде жүзеге асырылады, малды тек күндізгі уақытта жаюға рұқсат етіледі.

    Тұлға жерді пайдалану құқығынан айырылған кезде Комитет бұл туралы 10 күн ішінде МҚҚ Шекара әскерлері мен ішкі істер органдарына хабарлайды.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында мемлекеттік тілде жарияланған және 2023 жылдың 10 октябрьде күшіне енді, деп хабарлайды «Norma».