Қаулыға сәйкес, Өзбекстанда жануарларды идентификациялау, тіркеуге алу және бақылау жүйесі төмендегі 2 басқышта енгізіледі:
1 басқыш – 2023-2024 жылдары мал шаруашылығына мамандандырылған 25 ауданда (төменде көрсетілген);
Осы аудандарда жануарларды идентификациялау, тіркеуге алу және бақылау жүйесін енгізу тегін жүзеге асырылады.
2-басқыш – 2025-2026 жылдарда республиканың қалған аудандарында.
Қаулыға орай, Комитет жанынан мемлекеттік мекеме ретінде Жануарларды идентификациялау, тіркеуге алу және бақылау орталығы құрылады.
Сондай-ақ 25 ауданда төмендегі бағыттарды қамтыған мал шаруашылығы кластерлері құрылады:
ет және сүт өнімдерін өндіру, сондай-ақ халықтан жинау, қайта өңдеу және дайын өнім түрінде реализациялау;
дайын жем-шөп өнімдерін өндіру және оларды халыққа қолайлы болған аумақтарда сату дүңгіршектерін құру;
Тұрғындарға өнімі мол асыл тұқымды малды жеткізіп беру;
шаруа малдарды союға қасапханалары, терілерді қабылдауға және қайта өңдеу жұмыс орындарын іске қосу;
былғарыны қайта өңдеу кәсіпорындарымен бірлесіп кооперация негізінде дайын былғары бұйымдарын өндіру.
Осыған орай, мал шаруашылығы кластерлері ұйымдастырылады:
60 млн АҚШ доллары көлемінде несиелер бөлінеді;
мақта және астық егіс алқаптарын қысқарту есебінен әр ауданда кемінде 100-150 гекатр жер құнарлы дақылдар егуге бөлінетін болады.
2023 жылдың 1 декабрінен бастап мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар өз қажеттіліктері үшін әкелінген асыл тұқымды ірі қара малға есептелген қосылған құн салығын Комитеттің кепілдігі негізінде 180 күн ішінде төлеп беру жүйесі енгізіледі.
2023 жылғы 1сентябрінен бастап 2025 жылдың 31 декабріне дейін мемлекет тарапынан төмендегі тәртіпте субсидиялар бөледі:
Құс шаруашылықтарына әрбір басына 1 күндік асыл тұқымды балапандарды импорт жасап әкелуге байланысты шығындарды жабу үшін 15 мың сумды қаптау үшін.