Үкіметтік комиссия Сұрхандария облысында өз қызметін жалғастырды

    Өнеркәсіп 21 Sentabr 2022 1432

    Үстіміздегі жылдың 20 сентябрьде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевтың жетекшілігімен Сыртқы сауда, инвестициялар, жергілікті өнеркәсіпті дамыту және техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссия өз қызметін Сұрхандария облысында жалғастырды.

    Атап айтқанда, Үкімет комиссиясының мүшелері бірқатар өндіріс орындарын аралады. Бірінші болып Терміз қаласының «Шодлик» махалласында 2,7 гектар жерге орналасқан «Сұрхан азық-түлік өнімдері» АҚ-ға назар аударды. Жобада 2500 тонна ауылшаруашылық өнімдерін қалыпты тепературада сақтау үшін қоймалар және 2 050 тонна өнімді нөлден төмен температурада ұзақ сақтауға арналған мұздатқыш камералар бар.

    Бұл бағыттағы келесі ірі инвестициялық жоба Терміз қаласындағы «Oravit ceramic» жауапкершілігі шектеулі қоғамға қарасты сантехникалық бұйымдарды шығаратын кәсіпорын болды. Жобаға енгізілген 17,3 миллиард сумдық инвестиция ҚХР-дан озық құрал-жабдықтарды орнатуға, 80 жаңа жұмыс орнын ашуға және жылына 48 000 сантехникалық бұйымдарды шығаруға мүмкіндігін берді. Өнімнің 30 пайызы экспортқа шығарылады.

    Үкіметтік комиссия мүшелері «Asia KSP sifat» ЖШҚ-ның қызметімен де танысты. Мұнда 10 гектар аумақта ұсақталған қамыс шикізатынан ДСП плталарын шығару бойынша 19 миллион долларлық жоба жүзеге асырылды. Қытайдан әкелінген озық қондырғылар орнатылды, өнімнің 70 пайызы экспортталады.

    Келесі нысан – «Alpomish Service Invest» БК. Оның құны 48,2 миллиард сумды құрайды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 200 миллион бір рет қолданылатын шприцтер мен бинттерді шығаруға мүмкіндігі бар.

    Сонымен қатар, Үкімет комиссиясы облыстың Терміз ауданында орналасқан «Афросиоб парранда» жауапкершілігі шектеулі қоғамды болды. Мұнда 0,7 гектар аумақта құс және мал шаруашылығының қажеттіліктері үшін жылына 55 миллион тонна байытылған жем өндіруге мүмкіндік беретін заманауи қондырғылар орнатылған.

    Кәсіпкерлермен сұхбат барысында олардың мәселелері қаралды – жауапты тұлғалардың қатысуымен әрбір іс жан-жақты талқыланып, туындаған мәселелерді шешу механизмдері әзірленді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates