Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға жауапты басшыларды қабылдады

    Билік 13 Fevral 2023 5447

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев әлеуметтік салаға жауапты басшыларды қабылдады.

    Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «Жаңа Өзбекстанның әкімшілік реформаларын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысына сәйкес ықшам әрі тиімді басқару жүйесі жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде министрліктер реформалануда.

    Атап айтқанда, сабақтас салалардың негізінде Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі, Мектеп білімі және мектепке дейінгі білім беру министрлігі, Жастар саясаты және спорт министрлігі, Мәдениет және туризм министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі құрылды.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан халқына Жолдауында «әлеуметтік мемлекет» қағидасына ерекше назар аударған еді. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз, ең алдымен, адам әлеуетін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктер, адамдар лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар жасау дегені. Бұл білім мен медицинаның сапасы, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жастардың өмірінен көрінеді.

    Жиында аталған осы салалардағы басым міндеттер талқыланды.

    Елді алға жетелейтін, реформаларды жүзеге асыратын басты күш - білімді де салауатты ұрпақ. Сондықтан білім беру жүйесінің барлық сатысы реформаланып, дәйекті түрде дамып келеді. Соңғы жылдары көптеген балабақша мен мектептер салынды. Жаңа университеттер құрылды. Мектептердегі оқушылар саны және жоғары оқу орындарымен қамту артты. Енді сапаға басты назар аударылуда.

    2022 жылы 386 мың мектеп бітірушінің 137 мыңы жоғары оқу орындарына, 20 мыңы коллед бен техникумдарға түскен. Бірақ түлектердің 50 пайызы еңбек нарығына ешқандай мамандықсыз келген.

    Әлемдегі қатал бәсеке жағдайында кемел мамандарды даярлау, өзгермелі еңбек нарығының талаптарына бейімделуді өмірдің өзі талап етіп отыр. Сондықтан 2023 жылдан бастап оқушыларға екі шет тілін және бір мамандықты меңгерту Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігінің басты міндеті болмақ.

    Тиісінше, жоғары білім беру жүйесі де өзгеруі керек. Сондықтан институт пен университеттердің қызметін реформалау, білікті кадрлар даярлау, ғылым мен өндірістің интеграциясын кеңейту жөнінде тапсырмалар берілді.

    Кейінгі жылдары ғалымдардың жалақысы 4,5 есеге өсті. Биыл ғылым мен инновацияға 1,8 триллион сум бөлінуде. Осыны пайдалана отырып, су-энергияны үнемдеу, топырақ құнарлығы мен өнімділігін арттыру, геология, өнеркәсіп, құрылыс сынды өзекті салаларда ғылыми негіздер жасау қажет екені айтылды.

    Жас ұрпақты жоғары мәдениеттілік рухында тәрбиелеу мәселесі де қозғалды. Театр, музыка және кино өнерін дамыту, мақам мен жыршылық өнерін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Халқымыздың мәдениеті мен табиғи мекендерін кеңінен насихаттау арқылы туристер үшін жағдайды жақсарту бойынша міндеттер қойылды.

    Денсаулық сақтау саласында да өзекті мәселелер жетерлік. Бүгінгі таңда халықтың 56 пайызында артық салмақ, 30 пайызы созылмалы дертке шалдыққан. Сондықтан «Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты» жалпыұлттық қозғалысы басталатыны айтылды.

    Медициналық білім беруге озық шетелдік тәжірибені енгізу, жүйені цифрландыру және медициналық сақтандыруды жолға қою арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Халықты алаңдатып отырған онкологиялық, жүрек-қантамыр және эндокриндік аурулардан болатын мезгілсіз өлімді түбегейлі азайтудың маңыздылығы атап өтілді.

    Отырыста министрлер жүйе қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері мен бірінші кезектегі міндеттер туралы ақпарат берді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates