Әлеуметтік желідегі уақытты күніне 15 минутқа қысқарту иммунитетті жақсартады

    Суонси университетінің (Ұлыбритания) ғалымдары бұл жөнінде тәжірибе жүргізді.

    Тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік желілерге қатысуды азайтуды сұраған топ өздерінің иммунитетін орта есеппен 15 пайызға жақсартты - олар суық тию, тұмаудан аз зардап шекті.

    Сонымен қатар, олар ұйқы сапасының 50 пайызға жақсарғанын және депрессия белгілерінің 30 пайызға азайғанын байқады.

    Бір қызығы, әлеуметтік желіні пайдалануды күніне 15 минутқа дейін қысқартуды сұрағандар бұл уақытты өз еркімен бірте-бірте арттырды. Зерттеу соңында олар әлеуметтік желіде бұрынғыға қарағанда орта есеппен 40 минутқа аз уақыт өткізген.