Кездесуде А.Султанов екі ел арасындағы отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, Бірыңғай электр желісіндегі ынтымақтастық аясында жиілікті реттеу қызметі, транзиттік қызмет көрсету, сондай-ақ электр энергиясын жеткізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстік облыстарына табиғи газ жеткізіп беру, газды терең өңдеуге негізделген Өзбекстан өнімдерін, соның ішінде полиэтилен, полипропилен, техникалық майларды экспорттау сияқты бағыттарда мемлекеттер өзара ынтымақтастықты дәйекті жалғастыруда.
«Ўзтрансгаз» АҚ мен «ИЦА» АҚ арасында табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау бойынша қол қойылған келісімшарт сәтті жүзеге асырылуда.
Мемлекетімізге Қазақстаннан мұнай дәстүрлі әдісте әкелінуде.
Кездесу барысында екі елдің Энергетика министрлері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту іс-шараларын белгіледі, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.