Өзбекстан-Беларусь әйелдерінің екінші бизнес-форумы жоғары деңгейде өтеді

    Бүгін, 30 июлінде Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаеваның басшылығында Ташкент қаласында Өзбекстан-Беларусь әйелдерінің екінші бизнес форумын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жиналысы өтті.

    Онда 2024 жылдың 26-27 август күндері өткiзiлетiні жоспарланған Өзбекстан-Беларусь әйелдерiнiң екiншi бизнес-форумына дайындық көру, аталмыш форумды жоғары деңгейде ұйымдастыру және жаңа ынтымақтастық келiсiмдерге ие болу, үдерістерді кең жұртшылыққа жеткізу мақсатында әзірленген іс-шаралармен белгіленген міндеттер талқыланды.

    Айта кету керек, бұл бизнес-форумның негізгі мақсаты Өзбекстан мен Беларусь іскер әйелдердің арасындағы іскерлік және экономикалық қарым-қатынастарды нығайту, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен қатар барларын кеңейту, тәжірибе алмасу, екі елдің экономикасының тұрақтылығын дамытуға үлес қосу, өзара тауар айрбастау көлемін арттыруға әйелдерді кеңінен жұмылдыру.

    Екінші бизнес-форумда жеті секция, яғни қызмет көрсету саласы, электр-техникалық өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау және электр энергетика, «жасыл» энергетика бағыттары бойынша мәжілістер өткізу жоспарлануда.

    Секция мәжілістері мен көрмелер өтетін орындарда екі елдің кәсіпкер әйелдері мен мемлекеттік органдар арасында «B2B» және «G2B» форматындағы кездесулер, сондай-ақ коммерциялық келісімшарттар, келісімдер мен ынтымақтастық меморандумдары жасау бойынша келісімдерге қол жеткізу көзделген, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates