«INFOLIB UZBEKISTAN-2023» XII Ұлттық ақпараттық-кітапхана апталығы басталды

    Мәдениет 23 Oktabr 2023 2950

    Бүгін А.Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында «INFOLIB UZBEKISTAN-2023» ХІІ Ұлттық ақпараттық-кітапхана апталығы басталды.

    Апталық аясында онлайн және офлайн түрде ғылыми конференциялар, тренингтер, семинарлар, шығармашылық кездесулер, кітап тұсаукесерлері, мәдени іс-шаралар, әдеби кештер, байқаулар, сонымен қатар, Ұлттық кітапхана директорының жастармен ашық диалогы өтеді.

    Негізгі шаралар: «Жас кітапханашылар» ІІІ форумы және «Жылдың ең үздік ақпараттық-кітапхана маманы» байқауының Республикалық басқышы.

    27 октябрьге дейін жалғасатын апталыққа барша оқырмандар мен ақпараттық-кітапхана орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ жас суретшілер мен баспагерлер шақырылады.