Кездесуде арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Ресей компаниясының басшысы сөз сөйлеп, Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру агенттігінің инклюзивті білім беру және мүмкіндігі шектеулі балаларды реаблитация жасау саласындағы қызметін жоғары бағалады. Ол сондай-ақ, мемлекеттік көпсалалы мамандандырылған мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымының Нөкіс қаласындағы «Имкон» реабилитация орталығымен жүргізілген жұмысына тоқталды.
Келіссөздер аясында В.Ефимова «Логопрогноз» компаниялар тобы тарапынан арнайы және иинклюзивті білім саласында жүзеге асырып жатқан ғылыми-зерттеу және IT -жобалары туралы қысқаша айтты.
Ресей делегациясының басшысы мектепке дейінгі жастағы балалардың, сондай-ақ жалпыбілім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын балалардың әлеуетін бағалауға бағытталған мобильді қосымшаларды әзірлеу және бейімдеу бойынша Өзбекстан тарапына көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу барысында Ресей өкілі В.Ефимованың айтуынша, «Логопрогноз» компаниясы тарапынан мүмкіндігі шектелген балалармен істеу бойынша түсірілген және өзбек тіліне аударылған фильмдерді беруге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Ресей тарапының арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы инновациялық ұсыныстарды Өзбекстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне бейімдеу мүмкіндіктерін зерделеу қажеттігі туралы өзара пікір алмасты, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру агенттігінің баспасөз қызметі.