Тізімге тірі донорға трансплантация объектісі ретінде бүйрек, бауыр, бауыр бөлігі және гематопэтикалық сүйек кемігінің дің жасушаларын трансплантациялауға қарсы көрсетпе болатын аурулар кіреді.
Бұған АИТВ/ЖИТС, нашақорлық, токсикомания, алкоголизм, морбид семіздік, II-III дәрежедегі артериялық гипертензия, созылмалы бүйрек ауруы II-III-IV-V сатысы, қант диабеті, екі жақты зәр тас аурулары, қауіпті қатерлі ісік аурулары жатады.
Сондай-ақ, адам мәйіті үшін трансплантация объекттері бүйректі, бауырды және бауыр бөлегі, тамырлар (ірі тамырлардың бөліктері) және көзің шах пердесі және оның бөліктері трансплантациясына қарсы көрсетпе болатын аурулар белгіленген.
Оларға АИТВ/ЖИТС, туберкулез, сепсис, зең аурулары, TORCH инфекциясы (IgM оң), аса қауіпті жұқпалы аурулар, қатерлі ісік аурулары және т.б.