Өзбекстан мен Әзербайжан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 20 наурыз күні телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін және екі елдің бауырлас халықтарын көктемнің ұлы мерекесі – Наурызбен шынайы құттықтап, бейбітшілік, тұрақтылық, өсіп-өркендеу мен молшылық тіледі.