«Жібек жолында» фильмі Халықаралық кинофестивальде жеңіске жетті

    Мәдениет 8 Iyul 2022 2198

    Кинематография агенттігінің тапсырысымен «Ешлик» киностудиясы түсірген «Жібек жолында» қысқа метражды фильмі Испанияның Торревеха қаласында өткен «SOL» халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік қысқа метражды фильм» аталымын жеңіп алды.

    Бұл кинофестивальда әлемдік деңгейде жас режиссерлер, студенттер мен дебютант режиссерлердің кинофильмдері іріктеліп, ең лайықтылары марапатталады.

    Фильмнің сценарий авторы - Шохжахан Субхонов, қоюшы-режиссері Шерзод Назаров, қоюшы-операторы Диёр Исматов, суретшісі Эркин Хушматов, көркемдік жетекшісі Али Хамроев.

    Естеріңізге сала кетейік, «Жібек жолында» қысқа метражды фильмі «Жібек жолының жауһары» Ташкент халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесі «Гран-при» және «Ең жақсы актер» аталымында, АҚШ-тың AVFF-2021 (Asian World Film Festival) халықаралық кинофестивалінде «Азияның ең үздік қысқа метражды фильмі» аталымдарында, сондай-ақ Қазақстанның Алматы қаласында өткен «Bastau IFF» халықаралық студенттер мен дебьютанттар кинофестивалінде «Ең үздік қысқа метражды фильм» бағытында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.