Бұл кинофестивальда әлемдік деңгейде жас режиссерлер, студенттер мен дебютант режиссерлердің кинофильмдері іріктеліп, ең лайықтылары марапатталады.

Фильмнің сценарий авторы - Шохжахан Субхонов, қоюшы-режиссері Шерзод Назаров, қоюшы-операторы Диёр Исматов, суретшісі Эркин Хушматов, көркемдік жетекшісі Али Хамроев.

Естеріңізге сала кетейік, «Жібек жолында» қысқа метражды фильмі  «Жібек жолының жауһары» Ташкент халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесі «Гран-при» және «Ең жақсы актер» аталымында,  АҚШ-тың AVFF-2021 (Asian World Film Festival) халықаралық кинофестивалінде  «Азияның ең үздік қысқа метражды фильмі» аталымдарында, сондай-ақ Қазақстанның Алматы қаласында өткен «Bastau IFF» халықаралық студенттер мен дебьютанттар кинофестивалінде «Ең үздік қысқа метражды фильм»  бағытында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.