Төмендегілер осы Жарлықтың негізгі мақсаттары ретінде белгіленді, соның ішінде:
тұрғын үй құрылысын ынталандыру және тұрғын үйге деген құқықты жүзеге асыру үшін жағдай жасауға қатысты конституциялық норма талаптарын орындау;
көп пәтерлі үйлер базарында сұранысқа сәйкес ұсынысты теңгерімді түрде арттырып отыру;
көп пәтерлі үйлер құрылысында жер бөлу және рұқсат беру рәсімдерінің тәріп-қағидалары үдерістерін қамтитын инвестициялық-құрылыс кезеңінің ұзақтығын 1,5 есеге дейін қысқарту.
Жарлыққа сәйкес, Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарда «Жаңа Өзбекстан» массивтері үшін жаңа аумақтарды таңдаудың заңнамада белгіленген өлшемдеріне сәйкес келетін жобаларға «Жаңа Өзбекстан» массиві мәртебесін беру арқылы оларға қолданыстағы тәртіп-қағидаттары мен қаржыландыру көздері ұсынылады.
«Жаңа Өзбекстан» массивтерінің жол-көлік инфрақұрылымы жобаларын әзірлеу кезінде жаңартылатын энергия көздерінің құрылғылары, энергия үнемдеуші жабдықтар, баламалы жылу жүйелері кеңінен пайдаланылып, «жасыл» көлік ортасы қалыптастырылады.
Жарлыққа сәйкес, “Toshkent Invest kompaniyasi” АҚ және “Samarqand Invest kompaniyasi” АҚ тәжірибесі негізінде акционерлік қоғам түрінде инвестициялық компаниялар (Инвестициялық компаниялар) құрылады.
Инвестициялық компаниялар кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы көпір қызметін атқарады.
Базар қағидаттарына негізделген ипотекалық несиелер арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы (Ипотека бағдарламасы) аясында:
көп пәтерлі үйлердегі пәтерлерді сатып алу үшін субсидия бөлінетін азаматтардың әлеуметтік өлшемдеріне сәйкестігін бағалау үдерісі “subsidiya.idm.uz” бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі арқылы автоматтандырылған түрде, адам факторынсыз жүзеге асырылады;
2026 жылғы 1 сәуірден бастап бюджет ресурстары есебінен ипотекалық несиелер ресми табысы бар азаматтарға, сондай-ақ биыл соңғы 1 жыл ішінде, 2027 жылы соңғы 2 жыл ішінде және 2028 жылдан бастап соңғы 3 жыл ішінде ерікті түрде әлеуметтік салықты толық төлеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға беріледі.