Шавкат Мирзиёев экономиканы тұрақты дамыту бойынша кеңес өткізді

    Билік 29 Mart 2024 3754

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев экономиканы тұрақты дамыту және салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылаған кеңес өткізді.

    Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттардың нәтижесінде ірі кәсіпорындарды трансформациялау, өңірлердің «өсу нүктелерін» жүзеге асыру, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нәтижесінде салалардағы экономикалық белсенділік артып келеді.

    Атап айтқанда, осы жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнім көлемі 6 пайыздан астам өседі деп күтілуде. Кәсіпкерлікті белсенді қолдаудың және қысқы маусымда тұрақты энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етудің арқасында саланың өсімі шамамен 10 пайызға, ал экспорт көлемі 3,5 млрд долларды құрауы мүмкін.

    Сыртқы нарықтағы бәсекелестіктің күшеюінің шарттарын ескере отырып, 2024 жылы нарықтық экономиканың іргетасын салудың негізгі процестерін аяқтап, экономиканы сапа жағынан мүлде жаңа деңгейге шығару, кәсіпорындардың қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығын асыру талап етілуде.

    Сондықтан жиында ірі мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын оңтайландыру және энергия ресурстарын үнемдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігі жан-жақты қаралды. Әлемдік нарықтың қиын жағдайында экспорттық кірістерді ұлғайту, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін нығайту, дебиторлық берешекті азайту, шығыстардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша нақты міндеттер қойылды.

    Саланың және өңірлердің экспорттық әлеуетін толық пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы мақсатта кәсіпкерлерге сыртқы нарыққа шығу үшін қолайлы өндірістік-логистикалық тізбек жасау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Мемлекет басшысы ішкі нарықтағы баға тұрақтылығы мәселесіне арнайы тоқталып, күнделікті тұтынатын тауарларды жергіліктендіруді кеңейтіп, кәсіпорындардың қуатын арттыруға көмектесу қажеттігін атап өтті.

    Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда индустриалды аймақтар мен кооперация мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау керектігі айтылды. Негізгі назарды қосымша құны бар өнім өндіруге және жұмыс орындарын көбейтуге аудару керектігі айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates