жеке тұлғалардың меншігіндегі жеңіл автокөліктерге 10 жыл болған болса ерікті түрде техникалық байқаудан өткізіледі;

- жеңіл автокөліктер төмендегі мерзімдерде міндетті түрде техникалық байқаудан өткізіледі:

- өндірілгеніне 11 жылдан 14 жылға дейін болған жеңіл автокөліктер - 2 жылда бір рет;

- өндірілгеніне 15 жылдан және одан да көп жыл болған жеңіл автокөліктер - жылына бір рет.

Бұл ретте, аталған мерзімдер коммерциялық негізде жолаушылар тасымалдау қызметінде пайдаланылатын жеңіл автотранспорт құралдарына қолданылмайды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.