Мақсат – экспорттық әлеуетті одан әрі дамытып, өнім көлемін ұлғайту міндеті аясында кәсіпорындардың қызметімен танысып, олардың проблемаларын үйреніп, шешу жолдарын қарастыру.

Іссапармен барған кәсіпорындардың бірі – Наманган облысындағы «ART SOFT TEX» кәсіпорны. 2023 жылы іске қосылған бұл кәсіпорын дайын тоқымашылық өнімдерін өндіруге мамандандырылған. Жылдық қуаты — 3,4 миллион дана дайын өнім. Мұнда 1000 адам жұмыспен қамтылған, олардың көпшілігі жақын маңдағы аудандарда тұратын әйелдер.

Ашық сұхбатта кәсіпкер өзінің түйткілді мәселелерімен бөлісіп, аумақтағы бизнес ортаны жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты. Әрбір көтерілген мәселе туралы нақты шешім қабылданып, анық мерзімдер мен атқарушы жауапты тұлғалар  белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.