Ислам даму банкі Өзбекстандағы қызметін кеңейтеді

    Өзбекстан елшісі Нодиржон Тургунов Ислам даму банкінің (ИДБ) Жобалады жоспарлау мәселелері департаментінің бас директоры Анас Айсаммен кездесу өткізді.

    Онда Өзбекстан мен ИДБ арасындағы ынтымақтастық байланыстарды одан ғрі жеделдету, елімізде жасалып жатқан ірі жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, әйелдер мен жастарды қолдап-қуаттау, техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту мәселелері талқыланды.

    Анас Айсам соңғы жылдары Өзбекстанда байқалған көптеген өзгерістерді игеру әлем елдері үлкен қызығушылықпен қадағалап отырғанын айтты.

    Өзбекстан мен ИДБ арасындағы ынтымақтастық бойынша 2018-2022 жылдарға арналған стратегиясының сәтті жүзеге асырылуын ескере отырып, 2022-2026 жылдарға арналған міне осындай стратегия әзірленгені жарияланды.

    Тараптар алдағы уақытта көлік, логистика, білім, ауыл шаруашылығы, су, қоршаған орта, мал шаруашылығы, абат ауыл және басқа да салалардағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасады.

    Өзбекстандағы әйелдер мен жастарды қолдап-қуаттау бағытталған маңызды бағдарламалар атап өтілді және оларға ИДБ қатысуын кеңейту болашақтары қарастырылды.

    Сонымен қатар, банк жүзеге асырып жатқан жобаларды атқарудың барысын тұрақты түрде монторинг жасау және алдағы біріккен жобаларды талқылау үшін ИДБ өкілдерінің Өзбекстанға іссапарын ұйымдастыру туралы келісілді, деп хабарлайды «Дуне» АА.