Өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов (9-0-1, 6 КО) АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында кезектегі жекпе-жегін өткізді.

Орта салмақта (-72,57 келі)  санатындағы  сайысында өзбекстандық боксшыға Рафаэль Игбокве (16-4, 7 КО) қарсылас болды.

Бірінші раундта боксшылар тең  күрес жүргізіп, Мадримов соңғы секундтарда күшті соққысымен раундты сәтті аяқтады.

Келесі раундтар Өзбекстан өкілінің басымдығымен өтті.

10 раундқа созылған жекпе-жекте Мадримов Игбоквені 100-90, 99-91, 99-91 есебімен жеңіп, кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді.

Аталмыш бокс кешінде тағы бір өзбекстандық боксшы, кәсіпқой бокстың бірінші  жарты жеңіл салмақ категориясында (-55,3 келі) WBA және IBF белбеулерінің иегері Муроджон Ахмадалиев (11-1, 8 КО) және IBF бағытында міндетті үміткер Марлон Тапалеспен (37 -3, 19 КО) қарсы рингке шықты.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен (118-110, 113-115, 113-115) филиппиндік боксшы аз ғана басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Ахмадалиев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісін мойындады. WBA және IBF белбеулері Тапалеске бұйырды.