Бәсекелестік комитеті көп пәтерлі үйлерді басқару органдарындағы локал қазандарына жылу энергиясын беруде табиғи газ тарифтерін азайтуға өз ұсыныстары арқылы қол жеткізілгенін хабарлады.
Айтуынша, Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 16 апрельдегі «Жанылғы-энергетика саласына базар механизмдерін енгізу жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы» 204-санды қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 май күнінен бастап табиғи газ үшін базалық өлшемі мен тарифтері белгіленген еді.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 31 майдағы Министрлер Кабинетінің 319-санды қаулысымен бекітілген Табиғи газды пайдалану қағидаларының 111-тармағына сәйкес, тұрмыстық тұтынушыны газбен қамтамасыз ету үшін табиғи газдан пайдаланатын кеңселер мен мунисипалды тұрғын үй қорына, заңды тұлғалардың жатақханаларына, жеке тұрғын үй иелері меншік иелері шіркеттеріне және тұрғындардың сұранысы үшін локалды қазандарына жеткізілетін табиғи газ бойынша төлемдер мен есеп-қисаптар коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін белгіленген тарифтері мен шарттары негізінде жүзеге асырылатыны айтылған.
Осы талап негізінде тұрғындардың сұранысы үшін жылу энергиясы жеткізіп беруде локалды қазандықтары табиғи газды қалыпты мөлшерден артық тұтынып, төлемдер мен есеп-қисаптар 4 есеге дейін қымбат тарифпен есептеліп келген. Соның салдарынан тұрғындар локалды қазандықтар арқылы жылу энергиясын пайдаланғаны үшін жоғары баға төлеуге мәжбүр болған.
Бұл мәселені жою мақсатында Бәсекелестік комитеті тиісті министрлік пен кеңселермен келісе отырып, ұсыныстар әзірлеп, Үкіметке айтылған еді. Осы ұсыныстарды ескере отырып, Министрлер Кабинетінің 319-санды қаулысымен бекітілген Табиғи газды пайдалану қағидаларының 111-тармағына тиісті түзету енгізілді.
Нәтижесінде, тұрмыстық тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін табиғи газды пайдаланатын кеңселер және минисипалды тұрғын үй қорындағы, заңды тұлғалар жатақханаларындағы, көп пәтерлі үйлерді басқару органдарындағы локалды қазандықтарына жеткізіп беретін табиғи газ бойынша төлемдер мен есеп-қисаптар тұрмыстық тұтынушылар үшін базалық мөлшер бойынша белгіленген тариф негізінде (яъни қолданыста 650 сум) жүзеге асырылуы айтылды.
«Енді бұл тұрғындардың қажеттіліктері үшін жоғарыда аталған субъектілердегі локалды қазандықтар арқылы жылу энергиясын беру қызметтерінің тарифтерін пропорционалды түрде төмендетуге қызмет етеді», - делінген Комитеттің хабарламасында.